
0-ден 5 жасқа дейін баланың дамуын қадағалау, дағдыларды дұрыс қалыптастыру және қауіпсіз ортаны жасауға арналған толық гайд.
Қолжетімділігі:Қоймада бар
Бұл гайд бала қалай үйлесімді дамуы керек екенін білгісі келетін барлық адамдарға арналған.
Әр жас кезеңінде белгілі дағдылар қалыптасады — моторика, сөйлеу, когнитивтік және әлеуметтік-коммуникативтік қабілеттер. Гайдта осы туралы айтылып, әр кезеңде дағдыны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін ұсыныстар берілген. Мысалы, дұрыс емес, симметриясыз немесе қате жолмен жылжу кезінде қалай ынталандыру керек, нені ескеру қажет және не істеу керектігі түсіндіріледі.
Гайдта сондай-ақ алаңдаушылық туғызатын белгілер берілген, оларды біліп, уақытында маманға қаралуға болады. Сонымен қатар, мультфильмдер туралы да ақпарат бар — олар дамуға қалай әсер етеді, қай жаста қосуға болады және жүйке жүйесіне ең қауіпсіз мультфильмді қалай таңдау керектігі көрсетілген.
Гайд соңында: балаға қауіпсіз үйді қалай жасауға болатынын көрсететін пайдалы чек-лист және ата-аналарға арналған кітаптар ұсынылған.
Барлық даму кезеңдері ДДҰ нормаларына негізделген.